19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ

Танымал

Ел аузында

Бүгін – Жаңару күні. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.

Жаңару күнінде көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.

Айта кетсек, биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесін тойлау жаңа форматта атап өтілетін болады. Жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесін тойлауға арналған жалпы республикалық жоспар әзірледі. Құжатта барлық форматтағы іс-шаралар қамтылған. Жалпы республика бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізіледі. Ал басты мереке 21 наурыз күні Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінің аумағында өтеді. Аталған мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр.

Ал ертең, 20 наурыз күні қазақстандықтар Ұлттық спорт күнін атап өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...