Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Көкжайлауда қар көшкіні жүрді: әлеуметтік желіде видео пайда болды

Танымал

Ел аузында

Алматы іргесіндегі Көкжайлау трассасындағы тау жолында қар көшкіні жүрді. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазселденқорғау» мәліметінше, Көкжайлау трактіндегі қар көшкіні массасының көлемі – шамамен 50 мың текше метр. Ведомство өкілдері бұл күндері тауда серуендеу қауіпті екенін айтты.

21 наурыздан бастап қардың айтарлықтай мөлшеріне байланысты Іле-Алатау тауының беткейлерінде қар көшкіні жүріп жатыр.

Атап айтқанда, 22 наурызда жалпы көлемі 404 400 текше метр болатын 5 қар көшкіні тіркелді. Ең үлкені – Қотырбұлақ өзені алабында 400 мың текше метр.

23 наурызда жалпы көлемі 184 000 текше метр болатын қар көшкінінің 15 оқиғасы тіркелді. Ең үлкені – Түрген шатқалында 45 000 текше метр.

24 наурызда жалпы көлемі 79 300 текше метр болатын 16 қар көшкіні тіркелді. Ең үлкені – Көкжайлау трактінде шамамен 50 000 текше метр.

Бұл ретте мамандар қар көшкіні әлі де жалғасып жатқанын ескертеді. Көшкіндердің басым бөлігі жетуге қиын жерлерде, нысандар мен жолдардан алыс жерде болған. Дегенмен шұғыл жұмыс істейтін механикаландырылған жасақтар кезекшілікте.

«Қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазселденқорғау» ММ ұсынымдары бойынша қауіпті аймақтарға тұрғындар мен демалушылардың кіруіне шектеу қою үшін бақылау-өткізу бекеттері орнатылды, хабарламалар мен ұсыныстар берілді, «Қар көшкінінен сақтан!» брошюралары таратылды. Қауіпті аймақтарды тексеру жүргізілді. Мұндай қар көшкінінде қалған адамдарды құтқару мүмкіндігі шамалы», – деп ескертті Қазселденқорғау.

Мамандар алматылықтар мен қала қонақтарына алдағы күндері таулы аймақтарда жаяу серуендеуден бас тартуға кеңес береді. Қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...