Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға 22 миллион теңгеден төленетіні рас па?

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар Президент су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер салуға 22 миллион теңге төлеуді тапсырды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған ақпарат, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге 22 миллион теңгеден төленетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ел Үкіметі су тасқыны салдарынан қираған әрбір үйдің құрылысына 22 миллион теңгеден жұмсауды жоспарлап отыр. Мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатқан эскиздік жобаға сәйкес, бұл – ауданы 80 шаршы метр болатын бір тұрғын үйдің құны. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға тұрғын үй салу үшін бөлінеді», – деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева.

Бұған дейін Желіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы ақпарат тараған болатын. Ведомство өзінің ресми порталында бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Төлемдер жергілікті әкімдіктерден төленеді. Әрбір өңірде төлем мөлшері келтірілген материалдық залалды бағалаумен айналысатын арнайы комиссиялармен белгіленеді. 

Заңгер Надежда Гельдт өтемақы алу үшін не істеу керегін айтты. 

Заңгер «Азаматтық қорғау туралы» заңға сәйкес (58-бап) физикалық тұлғалар төмендегі себептерге байланысты залалды өтеуді талап етуге құқылы екенін айтты:

  • денсаулыққа зиян келтіру;
  • жақын туыстарының қайтыс болуы;
  • мүліктік зиян келу;
  • тұрғын үйдің тұруға жарамсыздығы.

Ал мына нәрселер өтелінбейді:

  • жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстар, сондай-ақ заңсыз салынған объектілер;
  • бағалы киім, сәнді заттар немесе бағалы металдардан жасалған заттар;
  • көркемдік құндылығы бар заттар.

Өтінішті қалай беру керек?

  • Материалдық залал шеккен адам ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде әкімдікке материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
  • Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.

Кім өтініш бере алады?

Зардап шегуші мүліктің иесі. Егер жәбірленуші жеке өзі өтініш бере алмаса, туыстары немесе басқа адамдар сенімхатпен келе алады.

Өтінішпен қатар қандай құжаттар керек?

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде жоғалған, бүлінген мүліктің тізбесі.

Өтінішті қалай жазу керек?

Заң бойынша нақты үлгі қарастырылмаған. Қазақстандықтар оны еркін түрде жаза алады:

  • мүлік орналасқан мекенжайды;
  • су тасқыны болған күнді;
  • зардап шеккен тараптың деректерін;
  • сондай-ақ зардап шеккен мүліктің сипаттамасын көрсету керек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...