Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Су тасқыны: 111 мыңнан аса қазақстандық эвакуацияланды

Танымал

Ел аузында

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш елімізде су тасқынынан 111 мыңнан аса қазақстандық құтқарылғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметі 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналасқан. 11 950 адам өз үйлеріне оралды», – деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде 9 млн 500 мыңнан аса текше метр еріген қар суы сорып шығарылған. Сондай-ақ су тасқынына қарсы 2 млн 200 мың қапшық және 1 млн 200 тонна инертті материал төселген.

Бүгінде авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам, 4 мың 66 техника, оның ішінде 835 су сору құралы, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі тартылған.

«Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула және 2035 саяжай су астында қалды. 3 503 тұрғын үй мен 2 мың 157 ауладан су бұрылды.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет етеді», – деді ТЖМ өкілі.

Сөз соңында Ерасыл Сайпаш су тасқыны кезеңінде қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...