Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Киіктердің қырылуы: Охотзоопром жануарлар дроннан шошып, суға батқанын жоққа шығарды

Танымал

Ел аузында

Охотзоопромқызметкерлері киіктер дроннан шошып, суға батқанын жоққа шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында Охотзоопром қызметкерлерінің ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) пайдалану арқылы киіктердің өліміне себеп болды деген жалған ақпарат таратылған.

«Осыған байланысты біз ресми түрде мәлімдейміз, бұл факт шындыққа сәйкес келмейді. Батыс Қазақстан облысының аумағында 2024 жылы дрондарды пайдалана отырып, ақбөкендерді әуеден түсіру бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ», – делінген хабарламада.

Охотзоопром балансында бар дрондар (DJI Matrice) кәсіпорынның Алматы қаласындағы бас кеңсесінде орналасқан. Ведомство өкілдері, жалған ақпарат тарататын адамдар ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылатынынын ескертті.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысындағы суқоймада киіктер жаппай қырылып қалғанын хабарлаған едік.

Бұл туралы 13 сәуірде Бөкейорда ауданының Мұратсай ауылының тұрғындары хабарлаған. Олардың сөзінше, екі мыңға жуық киік қырылған. 

Бұл жерге «Охотзоопром» РМК қызметкерлері келді. Олар жануарлардың өлекселерін шығарып, оларды жоюмен айналысады.

Сарапшылар қыстан кейін қатты әлсіреген ақбөкендердің бір бөлігі жағаға шыға алмай, суға батып кетті деп болжап отыр. Тағы бір болжам бойынша киіктер түсірілім жасалған дрондардан шошыған болуы мүмкін. Шошыған жануарлар суқойма арқылы өтпек болған кезде батып кеткен болуы мүмкін екені айтылған еді.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...