Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Биыл Алматыда ҰОС ардагерлеріне қанша теңге беріледі?

Танымал

Ел аузында

Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.

Подробнее

instagram.com

Перейти на сайт

favicon

Реклама

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Қазіргі таңда Алматыда 44 ҰОС ардагері тұрады.

Алматы қаласы мәслихатының жеке шешіміне сәйкес 2023 жылы ҰОС-ның 56 ардагеріне 1 миллион теңге және қосымша 500 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Алматы қаласының аудандық әкімдіктері екінші деңгейлі банктердегі шоттарына өтініштерді талап етпей, төлемді тізімге сәйкес береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Талдықорған қаласының дәрігерлері 31 жастағы жүкті әйелді құтқарды

Геморрагиялық инсульт - ауыр мүгедектік жағдайына алып келетін ауру. Инсульттің бұл түрі ер адамдар арасында жиі кездеседі, бірақ көп...