Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіттің жеке басына қатысты тың дерек шықты

Танымал

Ел аузында

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіттің жеке басына қатысты тың дерек шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоғамда қара бетперде таққан жұмбақ жігіт танымалдылыққа ие. Оның қайырымдылықпен айналысып жүргеніне біршама уақыт болды. Бұған дейін қанша мұқтаж жанға баспана сыйлап, ел назарына іліккен болатын. 

Ал кеше ол су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлетінін мәлімдеді. Осы тұста халық тарапынан оның жеке басына қатысты сұрақтар жиі қойылып жатыр. Кейбір адамдар тіпті оны Димаш Құдайберген деп те болжам жасады. Алайда ол әлі де аты-жөнін жасырып жүр. 

Дегенмен қара бетперде таққан жұмбақ жігіттің қайырымдылық қоры бар көрінеді. Бұған Kaspi, Halyk банк қосымшасындағы «Человек в маске» деген қайырымдылық қоры негіз. 

Бұл халықтан қаржы жинайтын ресми тіркелген қайырымдылық қор, есебінен халыққа қайырымдылық жасалынады.

Журналист Гүлмира Әбіқай да бұл пікірмен келісіп отыр. 

«Қара бетперде жұмбақ жігіттің образы ғана. Ол белгілі бір қордың өкілі. Алла ісіне береке берсін», – деп жазды ол. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысының Атбасар қаласында жалғасуда

Атбасардағы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына екі мыңнан астам адам, оның ішінде қала және аудан тұрғындары, қаланың барлық ұйымдары мен...