Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

«Астана мектептерінде теракт болады». Полицейлер не дейді?

Танымал

Ел аузында

Бүгін астаналық мектептерде «теракт болады» деген дүрбелең туындатқан хабарлама тарады. Дегенмен қалалық полиция бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды http://BAQ.KZ

«Ужас Астана» телеграм арнасында жантүршігерлік хабарлама тарады. Онда 60, 83, 62, 15, 53, 72, 1, 17, 58, 3, 41, 64, 35, 11, 32, 79, 22, 30, 84, 72, 78, 47, 89, 36, 83, 93, 21, 14, 20, 2, 6, 90, 29, 52, 68, 77, 25, 27 мектептерінде теракт болатыны айтылған. Тіпті, теракт ұйымдастырушылардың саны 20 адам екені де жазылған.

Елордалық ата-аналар балаларына алаңдап, сыныптың чаттарында осы хабарламаны таратып, мұғалімнен ақпаратты нақтылап жатыр.

Құқық қорғау органдары аталмыш мектептерге тексеріс жүргізілгенін атап өтіп, тұрғындардан тыныштықты сақтауды сұрады.

Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді. Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Ұлытау облысында жылқы айдауға шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жолға мотоциклмен шығып кеткен Қаражал...