Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

3 өңірде өзендер арнасынан тасиды – «Қазгидромет»

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова 3 өңірде өзендер арнасынан таситынын, мұнда су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдымен ол бүгінгі ауа райы болжамына тоқталды.

«Алдағы тәулікте еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек күндіз солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы ауданда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, ал шығыс, оңтүстік-шығыста жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Таңертең және түнде солтүстік-батыс, шығыс және орталықта тұман түседі», – деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айутынша, өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 гидрологиялық ескерту жарияланған.

«Бұл Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты. 19-20 сәуір аралығында қардың тез еруіне байланысты 19-22 сәуірде таулы аудандарда сел жүріп, өзендердегі судың деңгейі көтеріліп, ондағы су шекті мөлшерден асады.

Сондай-ақ Ақмола облысы Қорғалжын ауылы Нұра өзенінде судың деңгейі көтеліріп жатыр. 4 сағатта онда судың деңгейі 6 см-ге артқан. Қазіргі таңда өзендегі судың деңгейі шекті мөлшірден 5 см-ге асты.

Сондай-ақ Қорғалжың ауылындағы көлік жүретін көпірді су басқан… Ақмола облысында (өзендерде) судың деңгейі көтеріледі деген болжам бар», – деді баспасөз хатшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...