Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 364 мың адам.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бұл — қазақ спорты үшін үлкен үміт күттіретін жас талантқа көрсетілген зор қолдау мен сенімнің белгісі. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында...