Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
28.3 C
Shymkent

БҚО-дағы су тасқыны: Жайықтағы қазіргі жағдай қандай?

Танымал

Ел аузында

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді.

«Осы сағатта республика бойынша 31 112 адам өз үйіне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде. 5 677 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,7 миллион текше метрден аса еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 миллион қапшық және 1,5 миллион тонна инертті материал төселді», – деді ол.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан аса адам, 4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тілінен «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының...