Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Ел жанашырлары су тасқынымен күреске 10 млн теңге қаржылай көмек берді

Танымал

Ел аузында

Еліміз оншақты күннен бері су тасқынымен күресіп жатыр. Ел басына күн туған төтенше жағдай кезінде халқымыздың бірлігі мен қайырымдылығы да сыналды. Еліміздегі ірі компаниялардан бастап, кәсіпкерлерге шейін қаржылай көмек беріп, тіпті кейбір мекемелер бір күндік жалақысын аударып, қарапайым халық қолындағысымен бөлісуде.

Осындай кезеңде еліміздегі Ел жанашырлары да қарап қалмады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей олардың кейбіреуін тізіп шықсақ.

Су тасқыны басталып, ел қиналған сәтте қарап тұра алмай, көмек қолын созғандардың бірі Асанова Замзагуль Ермековна. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс” пен “Алғыс хатының” иегері, Ел жанашыры, «Алтын жүрек” номинациясының иегері ең алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды.

Сондай қайырымды жандардың бірі Алматы облыстық маслихат Депутаты, Ел Жанашыры, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты» төс белгісінің иегері Молдашева Меруерт.

Нейротрекер, қарым-қатынас эксперті, филология ғылымдарының pHD докторанты, ұлт жанашыры, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төс белгісінің иегері Жансая Ибраем мен Q-line және Koral компаниясының негізін қалаушы, қыз-келіншектердің сапалы әрі пайдалы отандық косметика қолдануын қамтамасыз етіп жүрген бизнес леди, Бауыржан Момышұлы атындағы, «Батыр Шапағаты» төс белгісінің иегері Жайнар Айтжанова да қайырымды жандардың ортасынан табылды.

Ер азаматтарымыз да қарап қалмады.

Ел Жанашыры, меценат, ТОО «QazAquaBur» компаниясының Директоры, «Алтын адам» номинациясының , Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты” төс белгісінің иегері Касымханов Аділет Серікұлы мен Ұлт Жанашыры, меценат, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлы атындағы “Батыр Шапағаты” төс белгісінің иегері, «Ауғанстан ардагерлері» Республиĸалық Қоғамдық бірлестігі ĸеңесінің шешімімен «Алтын жүреĸ» төс белгісінің иегері Рулат Нұрғалымұлы Өтемісовтер де көмектерін аямай, қайырымдылық шарасына үлес қосты.

Каспакбаев Галымжан Коянбаевич есімді кәсіпкер, меценат, қоғам белсендісі, Бауыржан Момышұлы атындағы “Батыр Шапағаты” төс белгісінің иегері де өзінің атымтай Жомарт, халқының шын жанашыры екенін байқатты.

Елімізде соңғы кездері қайырымдылық шарасына белсенді араласып жүрген жандардың бірі жоғарғы санатты жалпы тәжірбиелік дәрігер, Anti-Age expert, нутрициолог, тамақтану саласының эксперті, Health coach, Халықаралық превентивті дәрігерлер ассоциясының мүшесі, Алматы қаласындағы ТОО “Dr.AidaMukhtarovna” – орталығының негізін қалаушы, Ел жанашыры, меценат Аида Мұхтарқызы да су тасқыны болып жатқан аймаққа да өз үлесін қосты.

Тағы бір жанашыр азаматымыз Айтбаев Ғалым Куанышович. Ол Қазақстанның құрметті азаматы. Ел жанашыры, Бауыржан Момышұлы атындагы, «Батыр Шапағаты», «Құрмет Халық» төс белгілерінің иегері, Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт
Кемелұлының алтыс хатымен марапатталған, Қазақстан Республикасы «Көкпар» федерациясының вице-Президенті.

Ауыз толтырып мақтанышпен айтатын тағы бір азамат Қалиева Шолпан Касымханқызы. Ел Жанашыры, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты» төс белгісінің иегері, “Алтын адам”, «Оңай оку» әдістемелік оқулықтарының авторы «Қызыкты сандар және математика» кітапшасының авторы. Қазіргі танда Phd докторант Шолпан ханым да қайырымдылық шарасына өз үлесін қосып елінің жанашыры екенін танытты.

Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Осы орайда Ел жанашыры атанған азаматтарымыздың атына сай қайырымды әрекеттері көңіл қуантады!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Тұман, үсік». Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

6 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 6 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6...