Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Ақордада ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді ресми қарсы алу рәсімі өтіп жатыр

Танымал

Ел аузында

Ақордада ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді ресми қарсы алу рәсімі өтіп жатыр. Кездесуді Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, кеше Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді елорда әуежайында өзі қарсы алды.

Мәртебелі мейманды құрмет қарауылы сап түзеп, салтанатпен қарсы алды. Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Сондай-ақ, балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған Қытай делегациясы алдында қытай тілінде ән шырқады.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...