Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек – Тоқаев

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың ақшасы шетелдік қаржы институттарына жұмсалмау керек екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек. Ұлттық қор бірінші кезекте мемлекет мүддесі үшін жұмсалып, стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылуы керек. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді

Отырыс Астанада өтіп жатыр.

Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.

Жаңа саяси маусым: Президент Жолдауы несімен маңызды?

Сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік. 

Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде: 

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды
  • Көлік министрлігі қайта құрылды
  • Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілді
  • Ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын аудит жасалатыны айтылды
  • «Келешек» ерікті жинақтау жүйесі пайда болатыны айтылды
  • Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдады
  • Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетіні айтылды
  • Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатыны айтылды
  • АЭС салу референдум арқылы шешілетіні айтылды
  • 2024 жылы ұлттық төлем жүйесін толық енгізу тапсырылды
  • «Отбасы банктің» қызметін қайта қарау тапсырылды
  • Қазақстанға шетелдік үш банк келетіні айтылды
  • Су тапшылығы қашан сезілетіні айтылды
  • Инвесторлар салықтан босатылатыны айтылды
  • Туризм саласында нақты тапсырмалар берілді
  • «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...