Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
28.3 C
Shymkent

RAMS QAZAQSTAN өкілдері көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді

Танымал

Ел аузында

Алматыда RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы басшыларының, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшыларының кездесуі өтті. Жиынға қатысқан zanmedia.kz тілшісі бірқатар сұрақтарға жауап алды.

Айта кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілерде «компания банкроттыққа ұшыраудың алдында тұр, ал оның басшылары мен бизнес иелері Түркияға қашып кетті-мыс» деген шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап кеткен болатын. Осы қауесетке орай RAMS QAZAQSTAN компаниясы бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи:

– «Мұның бәрі шындыққа жанаспайды! Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. RAMS QAZAQSTAN компаниясы өз қызметін 1997 жылдан бері жүргізіп келеді. Компанияға келетін болсақ, оның Қазақстанда құрылғанын атап өткім келеді! Сондықтан да, RAMS QAZAQSTAN – қазақстандық Компания! Шетелдік жобалардың барын ескерсек те, біз өзімізді ең алдымен қазақстандық екенімізді ұмытпаймыз! Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Біздің Компания, бұл ең алдымен біздің баға жетпес қызметкерлеріміз! Жасап келе жатқан бүкіл қызмет кезеңінде компания шамамен 15 мың жұмыс орнын ашты. Біздің қызметкерлердің басым көпшілігі Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазақстан нарығында жұмыс істеген 27 жыл ішінде 4 миллион шаршы метрден астам тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік пайдалануға берілді. Біздің компанияның негізгі миссияларының бірі – тұрғындарымыздың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, осыған байланысты біз ағымдағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында қайта құрылымдау бойынша тұрақты жұмыс жүргіземіз.

Біздің Қазақстан аумағында, оның ішінде шетелдік инвестициялар мен шетелдік әріптестерді тарта отырып, ауқымды жобаларды іске асыру бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Сондай-ақ, біздің компанияның басшылығы тұрақты түрде Қазақстанда екенін атап өткім келеді. Шетелдік сапарлар ағымдағы жұмыс жобаларымен байланысты, себебі олар өздерінің жауапкершілік салаларында бизнес-процестерді басқаруға және бақылауға көп көңіл бөледі. RAMS QAZAQSTAN баспана салу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тендерлерге қатыспайтынын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік желілерін пайдаланбайтынын және тек қана жеке қаражат тартатынын, жеке тұлғалардан сатып алынған жер учаскелерінде құрылыс жүргізетінін атап өту қажет деп санаймын. «Қамқоршыларымыз» ретінде көрсеткен елдегі танымал фамилиялардың компанияға ешқандай қатысы жоқ екенін де қосқым келеді» дейді.

Тақырыпты жалғастыра отырып, RAMS QAZAQSTAN компаниясы заң департаментінің басшысы Қуаныш Шынтеміров мынадай маңызды жағдайды нақтылады:

– «Біз компаниямызға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әлеуметтік желілер арқылы жазып жатқан ақпаратын көрдік, бұл жала жабу және Қазақстан нарығында 27 жылдық тәжірибесі бар компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіру болып табылады. Компанияның қызметі туралы жалған ақпарат таратып жатқан адамдармен біз заң жүзінде диалог жүргізетін боламыз» дейді.

Аудиторияның негізгі сауалдарының бірі RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңін тапсыру мерзімі және оның кешігу себебі болды. Бұл сұраққа RAMS CITY-дің сату бөлімінің басшысы Александр Федоров жауап берді:

Осы мәселеге анықтама берейік. Жасалған шарттарға сәйкес нысан ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде аяқталуы тиіс еді. Алайда, объективті де бізге байланысты емес себептерге байланысты мерзімдер мәжбүрлі түрде ауыстырылған болатын. Бұған дейін бірқатар фактор болды. Бұл – карантиндік режим және карантиннен кейінгі кезең, 2022 жылдың басында болған қаңтар оқиғасы, сондай-ақ көрші елдердегі қиын геосаяси жағдай, соның салдарынан біздің елімізге жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізу мерзімдеріне әсер еткен логистикалық тізбектің бұзылуы орын алды.

Біз тұрғындарымызбен және клиенттерімізбен үнемі байланыстамыз және нысанды пайдалануға жеделдетіп беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңінің бірінші бөлігіндегі пәтерлердің кілттерін беру ағымдағы жылғы төртінші тоқсаннан бастап жоспарланған.

– БАҚ өкілдері “Әлеуметтік желілерде NEF UPTOWN жобасы мен NEF компаниясы сөз етілді. Бұған қатысты түсініктеме бере аласыз ба?” – деген сұрақ қойды.

RAMS QAZAQSTAN компаниясының бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи мырза осы сауал бойынша былай деп айтты:   

2020 жылы NEF Uptown тұрғын үй кешенінің жобасын іске асыру басталды, онда RAMS QAZAQSTAN бас мердігер болды. 2021 жылдың соңында NEF компаниясының құрылтайшылары RAMS QAZAQSTAN-ның қатысуынсыз жобаны өз бетінше жалғастыруға шешім қабылдады, осыған байланысты жобаны басқару және іске асыру толығымен NEF компаниясының басқаруына өтті, содан кейін NEF және RAMS QAZAQSTAN компаниялары арасындағы шартты заңды түрде бұзу процесі басталды. Бұл ретте, NEF компаниясы заңды түрде (барлық нотариалды куәландырылған құжат, оның ішінде шарттар мен міндеттемелерді бұзу бойынша құжаттардың көшірмелері бар) барлық кредитормен және кредиттік міндеттемелер бойынша есеп айырысуды дербес жүзеге асыруға, сондай-ақ сол кездегі Банк алдындағы ағымдағы борыштарды өтеуге және тұрғын үй кешенін уақтылы пайдалануға беруге міндеттенді.

Іс жүзінде, 2022 жылдың соңынан бастап РАМС Қазақстан осы жобаға бас мердігер ретінде қатысқан жоқ. Алайда, 2024 жылдың басында NEF компаниясы кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмайтыны және тыйым салулар мен қамауға алуларға байланысты «Nef Uptown» тұрғын үй кешенін пайдалануға беруге мүмкіндігі жоқ екені белгілі болды, онда жүздеген үлескер өз пәтерлерін алады деп күтеді. Бізге бұл жағдай «Nef Uptown» тұрғын үй кешенінің кейбір тұрғыны, сондай-ақ жобаның мердігерлері ұзақ уақытқа созылған мәселені шешуге көмек сұрап жүгінгеннен кейін белгілі болды.  Бізге бұрынғы серіктестерімізден осы уақыт ішінде осы мәселелерге қатысты қарама-қайшы ақпарат келіп түсетін. Олар бізбен байланысқа шықпай, уақытты барынша созып жүрді. RAMS QAZAQSTAN компаниясы бұл жағдайда үлескер болумен қатар, зардап шеккен тарап болып шықты, өйткені NEF бірлескен шартты бұзу кезінде келісілген қаржылық міндеттемелерін орындамады.

Зардап шеккен тарап болып шыққан жекелеген тұлғалар да БАҚ өкілдерін тарта отырып, RAMS QAZAQSTAN компаниясының төңірегінде дүрбелең туғызу арқылы жеке мәселелерін белсенді түрде шешуге тырысуда, дегенмен біздің бұл жобаға мүлдем қатысымыз жоқ. NEF компаниясының айналасында қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін RAMS QAZAQSTAN компаниясы ресурстарды басқарушы компания түрінде қосу туралы шешім қабылдады және бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда: ұзақ уақыт бойы электр энергиясы бойынша берешекті төлеу, қоқыс шығару және іргелес аумақты абаттандыру.

Әңгімелесуді қорытындылай келе, Джиритджи мырза RAMS QAZAQSTAN-ның орасан зор жоспарлары бар екенін және жақын арада компания халықаралық деңгейдегі бірқатар ауқымды жобаларды таныстыруды жоспарлап отырғанын атап өтті, бұл жайында БАҚ арқылы кейінірек жарияланбақ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...