Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Алматыда «Jas Camp 2024» жастар  лагерінің ашылу салтанаты өтті

Танымал

Ел аузында

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні қала күні қарсаңында қаламыздың 100-ге жуық жастарының басын қосқан «Jas Camp 2024» лагерінің ашылу салтанаты өтті. Биыл қатысушылардың ішінде белсенді жастар, волонтерлер және NEET санатындағы жастар бар.

Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, эстрада жұлдыздары, қоғамдық пікір көшбасшылары және қала жастары қатысты.

Биыл лагерь Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Ақбұлақ» тау-шаңғы курортында ұйымдастырылды.

«Жастарымызды әлеуметтендіру үшін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Мысалы биылдың өзінде жастарға арналған қала денгейінде 1000-нан аса экологиялық, тегін курстар,  мәдени және спорттық  шаралар өтті. Атап айтсақ, «IQ-ALA jastary», «Jas GALA», Жас сарапшылар мен пікірсайысшылар клубы, «Тәуелсіздік ұрпақтары», «ALMA CUP», «Youth Nomad» және т.б. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартып, олардың жеке дамуына ықпал етіп және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған. Сондай ерекше жобалардың бірі – «JAS CAMP». Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Осында өткен әрбір күн барлық қатысушыға пайдалы болады деген ойдамын», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш лагерь 5 күнге созылмақ. Бүл күндері қатысушыларға түрлі шеберлік сабақтар мен тренингтер ұйымдастырылады. Спикерлер ретінде мемлекеттік орган қызметкерлері, бизнес, білім беру, журналистика және спорт саласының мамандары шақырылған.

Қатысушылар да лагердегі алғашқы күндерінің қалай өткені мен әсерлерімен бөлісті.

«Келгеніміз кеше ғана бірақ, лагерден алған әсерімді айту мүмкін емес. Алғашқы күннен бастап, пайдалы ақпаратпен бөліскен мықты спикерлер келді. Барлығы жоғарғы денгейде. Ең бастысы осы лагерь арқылы ортамызды кенейтіп, жаңа достар тауып жатырмыз», – деді лагерге қатысушы Алшын Әбдікамал.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...