Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Танымал

Ел аузында

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша акция өткізілуде.
Нәтижесінде, акция барысында облыстың 149 тұрғыны полиция органдарына тіркелмеген 181 қаруды, оның ішінде 160-тан астам тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру үшін оның техникалық жағдайына байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін төлем қарастырылған. Осылайша, атыс қаруын өз еркімен тапсырған 80 астам азаматқа 8 миллион теңгеден астам қаражат төленді.
Сонымен қатар, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын акцияға түсіністікпен қарауға және белсенді қатысуға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...