Полицейлер жоғалған 22 бас жылқыны иесіне тауып берді

Танымал

Ел аузында

Сайрам ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің жайылымда жүрген 22 бас жылқысын 5 күннен бері іздеп табай алмай жүргенін айтып, полицейлерден көмек сұрады. Хабарламаны алған сәттен бастап оқиға орнына сайрамдық учаскелік полицейлер шұғыл жетіп, мән-жайды анықтады.

Тұрғынмен бірге қыстаулар мен ауыл-аймақтың барлығын тексеріп, іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 24 сағат ішінде жайылымнан 4 шақырым қашықтықтан, яғни көрші ауыл маңындағы даладан жоғалған жылқыларды тапты. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында табылған жылқылар иесіне қайтарылды.
Жылқыларын жоғалтып алған тұрғын хабар алысымен өзімен бірге малдарын іздестіріп, тез арада тауып берген полицейлерге шынайы алғысын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...