Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

«АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

Танымал

Ел аузында

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, ҚР Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2024 жылы 17-18 қазанда Қазақстан Республикасының Алматы қаласында «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция барысында «Алпамыс батыр» жырының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымы таныстырылады. Сонымен қатар Түркі халықтарына ортақ мұра ретінде осы жырды ЮНЕСКО көлемінде Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу жөніндегі мәселе талқыланады.

Шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінің және Ресей Федерациясының (Уфа, Қазан, Новосибирск) танымал эпостанушы ғалымдары қатысып, төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасайды:

  •  «Алпамыс батыр» жырының ұлттық және әлемдік кеңістіктегі тарихи-мәдени және ғылыми маңызы;
  •  Эпикалық туындылардағы әлемнің семиотикалық және тілдік бейнесі;
  •  Эпикалық дәстүр және жыршылық өнер: өткені мен бүгіні;
  •  «Алпамыс батыр» жырын зерттеудің пәнаралық түрлі аспектілері;
  •  «Алпамыс батыр» жырының түркілік нұсқаларының ерекшеліктері;
  •  Фольклорлық мұра және қазіргі заман.

Конференцияға қатысуғаотандық және шетелдік ғалымдар,эпостанушылар, фольклортанушылар, тілтанушылар, әдебиеттанушылар, тарихшылар, өнертанушылар, философтар, мәдениеттанушылар, ЖОО оқытушылары шақырылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей и подростков. Возможность получать информацию, общаться и учиться - всё...