Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Гаражда заңсыз сақталған 45 келіден астам насыбайды полиция анықтады

Танымал

Ел аузында

     Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейд жүргізу барысында саудагердің сауда орны мен үйіндегі гаражынан 50-ден астам

баклашкаға салынған, яғни 45 келіден астам насыбай өнімін тапты.

Яғни орталық базарда сыпырғы сатумен айналысатын тұрғын насыбай өнімін арнайы баклашкаларға салып, сату мақсатында әзірлеп қойған.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бабымен шара көрілді. Тәркіленген тыйым салынған заттар жойылды.

Учаскелік полиция инспекторлары халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Егер сауда ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылатынын тұрғындарға жеткізуде.

Айта кетсек, облыс аумағында әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде еркін сауда жасауға заңмен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен сауда жасау деректерін анықтау мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...