Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Есімі ел аузында жүрген жандар энциклопедияға еніп, «алтын жүректі» жандар марапатталды

Танымал

Ел аузында

Соңғы жылдары қоғамымызда жекелеген азаматтардың белсенділігі жиі байқалады. Су тасып, қуаңшылық болып жалпы елдің басына күн туса да, үйі өртеніп, жақынынан айрылып қандай да бір адамның басына қайғы орнаса да халықтың ел болып жұмылып, қоғамға түскен ауырлықты бірлесе көтеріп алуға ұмтылысын көріп жүрміз. Өз еліне жанашыр, ұлтына қамқор мұндай азаматтар мен азаматшалар мақтанышымыз болуға лайық! Мұндай жандардың елеусіз, қоғам назарынан тыс қалмай марапатталып, басқаларға үлгі ретінде үнемі көрсетіп отыру қоғамның міндеті. Осындай міндетті өзіне басты мақсат етіп, қоғамдағы белсенді азаматтар туралы жақында ғана «300 қайраткер» энциклопедиясын жазған, онымен қоймай қайырымды тұлғаларымызды ел алдында марапаттап «Алтын жүрек» шарасын өткізген Динара Бердімұратты атап өтуге болады. Ол – Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері. «Парасат» орденнің иегері. Балаларды қорғау қорының директоры.

«300 қайраткер» энциклопедиясына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі алғысөзін жазса, мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин, халықаралық деңгейдегі тұлғамыз Димаш Құдайбергенов бастаған тұлғаларымыз кітапқа енген. Ал осы кітапқа енген, тұрақты қайырымдылықпен айналысатын азаматтар «Алтын жүрек» шарасында марапатталып жатыр. Атап өтер жайт, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев » Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын дәстүр бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету. Сондықтан қайырымды, ұлтына жанашыр азаматтарды үнемі басқаларға үлгі етіп отыруымыз керек», –  деген болатын. Динара Бердімұрат ханымның «300 қайраткер» энциклопедиясы ел үшін қызмет еткен тұлғалардың еңбегін халыққа көрсету болса, «Алтын жүрек» қайырымдылық шарасы жаны ізгі, әрекеті мейірімді жандардың ізгі қасиетін паш етуді көздейді.

Елімізде қайырымдылық істерін насихаттап, ұлт жанашырының бір топ шоғырын қалыптастырып, қоғам қайраткерлерінің ерен еңбегін бағалап, жұрт назарына ұсынып жүрген жанның еңбегі ерекше. «Алтын жүрек» шарасы қазіргі таңда жыл сайын өткізілетін шараға айналып үлгерді.

«Алтын жүрек» шарасын ұйымдастырушы Динара Бердімұрат ханым: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қайырымды азаматтардың еңбегін көрсетіп, түрлі жеңілдіктер жасау арқылы оларды ынталандыру қажет екенін жиі айтып жүр. Осы бағытта «Алтын жүрек» шарасын ұйымдастырып қайырымды жандардың әрекеттері қоғамның қолдауына ие екенін, мына әлем мейірімді азаматтармен әдемі екенін сезіндіргім келді. Сондықтан менің бүгінгі өткізіп отырған шарам мемлекет басшысының осы ойын қолдау мақсатында қолға алынған еді» дейді.

Атап өтер жайт, осындай жұмыстардың арқасында қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын адамдардың саны тұрақты артып келе жатқаны да байқалып отыр. Динараның басты мақсаты да осы деуге болады…

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы в рамках акции «Таза Казахстан» запущено молодежное движение «ЭкоРейнджеры»

В рамках общенационального проекта «Таза Казахстан» создан отряд «ЭкоРейнджеров», в которую уже вступили более 1000 молодых людей. Популярные блогеры...