Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

Танымал

Ел аузында

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің білімі мен күш-жігерін көрсеткен 20-дан астам жедел уәкіл қатысты.
Үздік полицейлер кәсіби білім деңгейі (ҚР Заңдары бойынша тест), жедел қызметтің жұмысын регламенттейтін заңдар, бұйрықтар бойынша тест тапсырды. Сондай-ақ атыс қаруынан нысанаға дәл тигізу, эссе жазу, спорттық деңгейді анықтау бағытындағы сайыстарда бақ сынасты.
Осынау республикалық байқауда Түркістан облысы Полиция департаменті атынан қатысқан полиция капитаны Ермек Шәкім қарсыластарынан оза шауып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Түркістандық жедел уәкіл өз сөзінде: «Бұл мен үшін үлкен мотивация болды. Осымен тоқтап қалмай қызметте одан әрі дамуды, білімімді жаңартып отыруды, кәсіби шеберлікті шыңдауды талап ететінін көрсетті. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға үздіксіз жұмыс атқаратын боламын! Қазақстан Республикасына қызмет етемін!»-деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“Әлқисса” өнер мектебінің шәкірттері Нью-Йоркте ұлттық өнерді дәріптеді

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі. “Әлқисса” өнер мектебінің дарынды шәкірттері Американың алып шаһары – Нью-Йоркке...