Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Жетісу облысында 30 жылдай жөнделмеген шалғайдағы ауылға апаратын жол жасалды

Танымал

Ел аузында

Жетісу облысында шалғайдағы Көпбірлік ауылына апаратын жолдың жөндеуі аяқталды. Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автомобиль жолының жөндеу жүргізілген учаскелерін жүріп өткен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құрылыс жұмыстарының нәтижелерін көріп қайтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 176 км, соның 137 шақырымы жөнделді, оның 78,5 шақырымына жөндеу биыл жүргізілді. Жолдың қалған бөлігі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Атап айтқанда, Көпбірліктен Алмалы ауылына дейінгі ұзындығы 28 км жол учаскесіне 2021 жылы орташа жөндеу жасалды. Жолдың қалған бөлігінің құрылысы төрт бөлікке бөлінген.

– Өткен жылы жалпы ұзындығы 30 км болатын 5 км-ден 35 км-ге дейінгі учаске жөнделді. Бүгінде автотрассаның 40 шақырымына, яғни 90-147 шақырым учаскесіне асфальт төселді. Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, жол жиегі нығайтылып, белгілер орнатылуда. Жұмыстар 10 қарашаға дейін бітеді. Жөндеу жұмыстары трассаның екінші және үшінші учаскелерінде де аяқталды. Бұл нысандар пайдалануға берілді. Сөйтіп «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» жолының барлық аталған учаскелеріне асфальт төселді. Жобаның құны 4,9 млрд. теңгеден асады. Жол 3-ші санатты, жүру бөлігінің ені 7 метр, – деді Бейбіт Исабаевқа жол құрылысы туралы баяндаған облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылғанын атап өтіп, мердігер компания жұмысшыларына істі уақытылы аяқтағаны үшін ризашылығын жеткізді.

– Халықпен кездесу кезінде тұрғындар Көпбірлік ауылына баратын жолдың мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты жолды жөндеуге қатысты нақты шаралар қабылдадық. Қазір жол толық жөнделіп бітті. Бұл трассамен жүк көліктері көп жүрмейтіндіктен және жұмыс сапалы орындалғандықтан, жол кемінде он жыл қызмет етеді. Көпбірлік – шалғайда жатқан ауыл. Алдымен оның жолытн жасадық, сосын ауыз су сапасын жақсарттық. Біздің бұдан әрі де шалғайдағы және шекаралық ауылдарды дамытуға бағытталған нақты жоспарларымыз бар, – деді Б. Исабаев.

Бұл ретте тұрғындар да пікір білдірді:

– Өзім Байшегір ауылында тұрамын. Отыз жыл көлемінде жолымыз жөндеу көрмеді. Біздің де, Көпбірлік ауылы тұрғындарының да жолдың сапасына көңіліміз толды. Қазір мен сияқты көлік жүргізушілері аудан орталығына 1 жарым сағатта жетеміз, – дейді тұрғын Түтінтай Мүсәпіров.

Атап өтсек, келесі жылы «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» жолының 145-ші учаскесіндегі Алмалы көпірі жаңғыртылады.

Жалпы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар жолдардың үлесі жылдың соңына қарай 94% жетеді. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В области Жетісу привели в порядок дорогу, которую не ремонтировали почти 30 лет

В области Жетісу проведен ремонт дороги до отдаленного села Копбирлик. Результаты проделанной работы проинспектировал сегодня аким области Бейбит Исабаев...