Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

КЕЗЕКТІ ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫНДА ЖАСТАР ӨЗ ОТАНЫН СҮЮГЕ АНТ БЕРДІ

Танымал

Ел аузында

Отырар аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Шәуілдір ауылында орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды. Жастарды өз Отанын сүюге, ел тыныштығын күзету мен ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулитын сыныпқа ауданның құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция полковнигі Ерсұлтан қажы Аманбайұлының аты берілді.

Бұл салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, Түркістан облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, Түркістан облысы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер алқасының төрағасы Оспанғазы Жанқожаев және аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Жұмахан Әбдікадыров қатысты.

Іс-шара барысында ел тыныштығын күзетуге елеулі үлес қосқан Ерсұлтан Аманбайұлының өмір жолы туралы деректер айтылып, жиналған көпшілікке ерлігі дәріптелді.
Өз кезегінде полиция сыныбының алғашқы мүшелері атанған 9 сынып оқушылары Отанының ержүрек, әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда озат, елінің патриоты ретінде қатарластарына үлгі болуға ант берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...