ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында есірткіге қарсы күрес жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Ғасыр дертіне қарсы күрес бір сәтке де толастамайды. Десе де есірткінің құлына айналып, өз өмірін құртып жүргендер азаяр емес. Есірткіге үйірлердің арасында жастардың саны күн сайын артуда. Әлемді алаңдатқан қауіпті дертпен Мақтаарал ауданының полицейлері де күні-түні күресіп келеді.

Осы ретте полиция қызметкерлерінің есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қойып, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресте атқарар жұмыстары сан алуан. Атап айтқанда Мақтаарал аграрлық колледжінде 380 студентке есірткі қылмыстарына, соның ішінде синтетикалық есірткіге қатысты сұхбат жүргізіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...