Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

CHEENA, Baxa және RYSO: Яндекс Музыкада – қазақстандық жаңа орындаушылардың трендтері

Танымал

Ел аузында

Қазақстан эстрадасының жаңа жұлдыздары: Яндекс Музыканың TOP ISKRA плейлистіне қандай орындаушылар енді?

Жаңартылған ISKRA Qazaqstan плейлисті енді Яндекс Музыка қызметінде қолжетімді. Оның көмегімен қазақстандықтардың қай әртістерді жақсы көретінін және 2025 жылы қандай музыка трендте екенін анықтау оңай.
ISKRA Qazaqstan – бұл музыкалық сервисіндегі арнайы плейлист, онда ұсынымдық жүйенің арқасында жаңа бастаған әртістердің есімдері пайда болады. Яндекс Музыканың ұсыну жүйесінің арқасында өнер өлкесіндегі орындаушылар өз аудиториясын кеңейтіп, Қазақстанда ғана емес, оның шегінен тыс елдерде де жаңа тыңдаушыларын таба алады.
Жаңа плейлистте RYSO, davidchi, CHEENA, Baxa және кухня сияқты әртістердің тректері бар. Олардың шығармашылығы Яндекс Музыканың мыңдаған қолданушыларын баурап алды және енді жаңа деңгейге шығуға дайын.

«Сахнаға алғаш рет шыққанда, тыңдарманның реакциясын көру, олардың ықыласын сезіну аса маңызды.
Ал трек жазу – істің жартысы ғана, екінші маңызды бөлігі – ақпарат ағыны мен басқа да жаңа шығарылымдардың ішінен, әсіресе шетелдік туындылардың арасынан, естіліп, көзге түсу қажет.
Жергілікті әртістерді қолдап, өз аудиториясын табуға көмектескені үшін Яндекс компаниясына үлкен құрметімді білдіремін», –дейді Алишер Сулейменов (кухня).
ISKRA Qazaqstan жас таланттарды насихаттаудың керемет құралына айналды. Danna Max, Colorit, Jazzdauren, Amourski, MAKVIN, Auka сияқты ондаған әртістер осы жобаның арқасында жаңа шығармашылық серпін алып, өздерінің жанкүйерлер базасын айтарлықтай арттырды. Мәселен, Jazzdauren-нің тректері үш айда 24 000-нан 5 миллионға дейін өсті.
Анықтама:
Яндекс Музыка – 80 миллионнан астам тректер мен 440 мың подкаст тыңдау мүмкіндігі бар ТМД-дағы ең ірі ағындық сервистердің бірі. Платформа пайдаланушының талғамына, көңіл-күйіне және әрекеттеріне қарай музыка мен подкасттарды таңдайтын «Менің толқыным» жекелендірілген ұсыныстар жүйесіне негізделген. Қызмет Яндекс Плюс жазылымы арқылы қол жетімді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқушылар көктемгі демалыста қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. III...