Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0.7 C
Nur-Sultan
4.4 C
Almaty
7.1 C
Shymkent

Генерал М.Қабденов Сарыағаш ауданына қызметтік іссапармен барды

Танымал

Ел аузында


Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов Сарыағаш ауданына барып, жеке құраммен кездесті. Аудандық полиция басқармасының 2025 жылдың 1 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді.
Күн тәртібінде қылмысты жасыру мен арыз-шағымдарды, өтініштерді қарау мәселесі сараланды. Полиция департаменті Штаб басқармасының бастығы С.Сейітхан баяндама жасады.
Сондай-ақ департамент бастығы М.Қабденов жеке құрам арасындағы заңдылық пен тәртіптің сақталуы, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қылмыстарды жедел ашу, олардың ашылу пайызын жоғарылату бойынша ауданның полиция басшылығына нақты тапсырмалар берді. ҚР ІІМ 2025 жылды «Профилактика жылы» деп бекітуі аясында, аудандағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажеттілігі айтылды. Әсіресе учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы топ, интернет-алаяқтық қылмыстарына жауапты мамандарға артылар жүк ауыр екенін жеткізді. Сондықтан профилактикалық іс-шараларды үздіксіз атқаруға шақырды.
Одан әрі генерал жедел қимылдайтын арнайы жасақтың Сарыағаш қаласында құрылысы жүріп жатқан 100 орындық ғимаратына ат басын бұрды. Құрылыс нысанын толық аралап, жоспарға сәйкес орындалуын бақылады. Алдағы уақытта жаңа ғимарат тәртіп сақшыларының тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жиһазбен және заманауи техникамен жабдықталатын болады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...