Алматыда ораторлық шеберлік сабағы өтті

Танымал

Ел аузында

Жетісу комьюнити орталығында арнайы филолог маманымен бірлесіп, ораторлық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сенімділікті арттыру және өз ойын нақты жеткізу қабілетін дамыту болды.

Сабақ барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар, практикалық жаттығуларды орындап, аудитория алдында еркін сөйлеу машығын шыңдады. Мамандар ораторлық өнердің негізгі қағидаларын түсіндіріп, әрбір қатысушыға жеке кеңестер берді.

Бұл тәжірибе қатысушыларға өз дауыстарын басқару, әсерлі сөйлеу және тыңдаушылардың назарын ұстап тұру тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...