Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Полиция алаяқтыққа қарсы банк, ұялы байланыс операторлары басшылығымен кездесу өткізді

Танымал

Ел аузында

Қазіргі таңда интернет-алаяқтық қылмыстарының жай-күйі күн тәртібінен түспей келеді. Осыған байланысты полицейлердің ұйымдастыруымен сот, прокуратура, басқа да тиісті сала мамандары, оның ішінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша екінші деңгейлі банк және байланыс операторларының басшылары мен қызметкерлері қамтылған жиын өтті.
Департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев төрағалық еткен жиында алаяқтық қылмысын қайтсек азайтамыз, алдын алу үшін нендей шараларды жандандыру қажет секілді өзекті мәселелер қаралды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шәкім облыстағы ахуалды баяндады. Тіркелген қылмыстық істерді саралау кезінде, кейбір жәбірленушілерге 1 тәулік ішінде түрлі банктерден бірнеше несие рәсімделгені, сондықтан қауіпсіздік шараларын жан-жақты күшейту қажеттігі айтылды Сондай-ақ бұл қылмыстың басым көпшілігі ұялы телефон арқылы жасалғандықтан, ұялы байланыс операторларына сұраныс хаттарды облыстық филиалдарда өңдеу мәселесін қарастыру керектігі ұсынылды. Алаяқтық қылмыстарымен күрес барлық мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастық аясында атқарылуы тиіс. Осыған байланысты жиналғандардың әрқайсысы алдағы уақытта өз құзыреттіліктері шеңберінде барлық күш-жігерлерін салуға уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Шымкенттің ауыз су саласынан шу шықты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы ауыз сумен қамту кәсіпорнын мемлекет меншігіне қайтаруды қолға алды, деп хабарлайды UAKYTNEWS.KZ. Ал...