Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Шала туған сәбиге мейірімін төккен неонатолог дәрігер «Ел жанашыры» атанды

Танымал

Ел аузында

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс жұртшылықтың жүрегін елжіретті. Қол басындай ғана құйтақандай шақалақты еркелетіп, бар мейірімін төгіп, ойнатқан неонатолог дәрігердің әрекетіне сай бөбек те күлімсіреп, балдай тәтті қылығымен «жауап беріп» жатты. Көбінесе ана мен баланың мейіріміне ғана куә қоғам, ер адам мен бөбектің арасындағы мейірімге толы көріністі аса «түсіне алмағаны да» да рас. Дегенмен оларды не байланыстыратынын білгенде, таң қалмаған жан қалмады.

Туа сала анасы бас тартқаны аздай, туыла сала өмірі үшін күресіп бірнеше ай арнайы медициналық қондырғыларға таңылған бөбек пен оны күтуші неонатолог дәрігерінің үш ай бойы бір біріне бауыр басқан көрінісі екен.

Неонатолог дәрігер Берік Алдияровтың айтуынша нәресте өте әлсіз болып туылған. Дәрігерлер оны аппараттарға қосып, күндіз-түні бақылаған. Уақыт өте келе ол өз бетінше дем алуды үйреніп, толық сауығып кеткен. Анасы бас тартқан қыз баланы дәрігер балалар үйіне алып кеткенше өзі қараған. «Алғашқы күндер өте ауыр болды. Әр сағат сайын біз әріптестерімізбен бірге оның жүрегі соғуын жалғастыру үшін бәрін жасадық. Біз аппараттарды реттеп, дәрілер енгізіп, оның нәзік денесін жылытып, анасының ішіндегі жылулықты еске салып отырдық. Апталар өтті. Бала біртіндеп күш жинай бастады. Ол өздігінен тыныс алуды үйренді. Біз оның жетістіктеріне бәріміз жан-тәнімізбен қуандық. Мен көз жасымды ұстай алмадым. Ол маған үлкен көздерімен қарады, біз оның өмірі үшін бар жанымызбен күрескенімізді білетін сияқты болды. Қандай күш пен өмірге деген ерік-жігер осындай кішкентай адамда болуы мүмкін», – дейді дәрігер сол күндерді еске алып.

Қоғамда әр маманның орны бөлек. Дегенмен мамандығына барын салып қызметін мейірімімен, бар ынта жігерімен жасайтындар аз екені рас. Сол аздың бірі Берік Алдияровтың шақалақтың өмірін сақтауға барын салып, анасының орнына өз туған анасындай мейірімі мен қамқорлығын төгуі талайлардың жүрегін жібітті. Әдетте атақтылар ғана марапатталып жататын қоғамымызда қарапайым азаматтарды да елеп ескеріп, ерекше әрекетімен немесе еңбегімен көзге түскен жандарды қуантып жүретін Динара Бердімұрат мейірімді дәрігерді арнайы «Ел жанашыры» төсбелгісімен марапаттады. Әрқашан Жаңа Қазақстанымыздың дамуына үлес қосып жүрген тұлғаларымыздың еңбегін елеп, ерен еңбегіне сай құрмет көрсетілетін бұл марапаттың жөні бөлек. Қоғамдағы адал қызметімен көзге түсіп жүрген жандарды басқаларға үлгі ету мақсатында жасалатын бұл шара қазір дәстүрлі марапатқа айналып келеді.

Осы орайда айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарына құрмет көрсету керек екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Ал мұндай марапаттар қарапайым азаматтарды ынталандырып, қоғамды ізгілендіруге ықпал етері анық! Көрініске сүйсінгендер көп болғанымен, оны сол әрекеті үшін елеп ескеріп, құрмет көрсету Динара Бердұмұраттың ғана қолынан келді. Мамандығына адалдық танытып, қоғамға мейірімділік дәнін сеуіп жүрген дәрігер Берік Алдияровқа да, бейбіт күннің батырына лайық құрмет көрсеткені үшін Динара Бердімұратқа да алғысымыз шексіз! Әлемді мейірімділік құтқарады…

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошло общественное слушание Проектного офиса по строительству студенческих общежитий

20 февраля в Алматы на площадке Палаты предпринимателей "Атамекен" состоялись общественные слушания, посвященные итогам работы Проектного офиса по строительству...