Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.7 C
Nur-Sultan
23.7 C
Almaty
23.2 C
Shymkent

“Қайырымдылыққа деп ақша жинап, жеке басына жаратады“ – Тоқаев алаяқтық әрекеттер туралы

Танымал

Ел аузында

Ұлттық Құрылтайдың IV сессиясында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алаяқтық деректерінің көбеюі туралы айтты.

«Құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегіп жатыр.

Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

2000-ға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

Түркістан облысында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық-татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды. Оған облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық...