Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді.

«Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін», – деді Президент.

Мемлекет басшысы осы міндеттің айрықша маңызды екенін айтты.

«Мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым.

Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев жаңа маңызды тасжол құрылысы басталатыны туралы жариялады

Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің көлік байланысын нығайтуға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жобаның басталғанын мәлімдеді. "Осы тұста...