Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Алматы облысында алғаш рет шок-толқынды терапия әдісі қолданылды

Танымал

Ел аузында

Қарасай аудандық көпсалалы клиникалық ауруханасында инфаркт және инсульт ауруларының алдын алатын жаңа әдісті енгізді. Ауруханаға арнайы келген қытайлық дәрігерлер екі науқасқа шок-толқындық терапия әдісін қолдана отырып, арнайы аппараттың көмегімен ота жасады.

Мамандар коронарлық тамырішілік литотрипсия технологиясы коронарлық артерияларды стенттеудің бірінші кезеңі ретінде қолданылады және стенттеудің оңтайлы нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді дейді. Өйткені коронарлық артериялары күрделі зақымдалған науқастарда тамырлар тарылып, қан жүру қиындайды.

-Бүгін дәрігерлерге жаңа аппараттың көмегімен ота жасау әдісін көрсеттік. Яғни, бұл әдіс стандартты баллондар арқылы тамырды кеңейту мүмкін болмайтын кезде және ауыр стеноз жағдайларында қолданылады. Қытайдың 15 үздік клиникасында зерттеу жүргізілген аппараттың алғашқы нұсқасы Америкада ұсынылғанмен, қазіргі уақытта Қытайда өндіріледі, – дейді Жүрек-қан тамырлары және панваскулярлық медицина институтының кардиология бөлімінің дәрігері ЮЙ СЯО ЛИНЬ СИНЬЦЗЯН.

Дәрігерлер АҚШ және Еуропа елдерінде қолданылып жүрген шок-толқынды терапия әдісі науқастың дер кезінде толыққанды емделуіне септігін тигізеді деп отыр.

-Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында бұл аппараттың балама нұсқасымен науқастарды емдейді. Біз қан айналым жүйесі бұзылған науқастарды аталған институтқа жібереміз. Енді бұл аппаратты алғаннан кейін аудандық ауруханада жаңа әдіспен емдейтін боламыз. Бүкіл әлемде қолданылатын аппарат толқынмен соққылау, коронарлық тамырлары кальциймен зақымданған науқастарды емдеу кезінде қажет, – дейді Қарасай аудандық көпсалалы клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Орынбасар Тайманұлы.

Ауруханада 2023 жылы жүрек ишемиясына шалдыққан 740 науқасқа, 2024 жылы 953 науқасқа ота жасалған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың...