Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

6 наурызда Алматыда экологиялық мәдениет пен қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері талқыланды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Жетісу ауданының комьюнити орталығы мен А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен экологиялық мәдениетке арналған пікірталас өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттырып, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығын түсіндіру.

Пікірталас барысында қатысушылар экологияны қорғау, табиғатты аялау және әр азаматтың қоршаған ортаға тигізетін ықпалы туралы ой бөлісті. Қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу тетіктері, экологиялық сана-сезімді арттыру жолдары кеңінен талқыланып, нақты шешімдер ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қала тұрғындарының экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті нығайтуға септігін тигізеді. Жастардың экологияға бей-жай қарамай, тұрақты даму қағидаттарын ұстануы Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етпек.

Алдағы уақытта осы бағыттағы іс-шаралар жалғасын тауып, экологиялық мәдениетті дамытуға арналған бастамалар қолға алынбақ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысы трансплантология саласында жүйелі нәтижелерге қол жеткізуде

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантация саласын дамытуда алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі болып отыр. 2025 жылы Қазақстан бойынша...