Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

0.4 C
Nur-Sultan
9.6 C
Almaty
13.6 C
Shymkent

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. Мәселен балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 29 ата-ана жауапқа тартылды. Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 18 кәсіпкерге айыппұл салынды. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған 32 жасөспірім анықталды. Ал сағат 23:00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 302 жасөспірімнің ата-анасына ескерту берілді. Профилактикалық есепке 29 кәмелетке толмаған мен ата-ана міндетін орындамаған 22 ата-ана қойылды. Жалпы 2025 жылдың 3 айында жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 27,8%-ға төмендеген. Білім беру мекемелерінде әлімжеттіліктің алдын алу мақсатында анонимді сауалнама алынды. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін лекциялар оқылып, бейнероликтер көрсетілді.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу – жүйелі тәсілді қажет ететін маңызды мәселе. Бұл бағытта полиция, ата-ана, мектеп пен қоғамды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полиция есірткіге қарсы: студенттік жатақханалардағы профилактикалық іс-шара

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің полицейлері "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан көпсалалы...