Түркістан облысының полицейлері зорлық-зомбылықсыз Қазақстан челленджін жолдайды

Танымал

Ел аузында

ҚР ІІМ-нің бастамасымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында республикалық челлендж бастау алды. Түркістан облысы аталған эстафетаны Павлодар облысының полицейлерінен қабыл алып, ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Шараға жасөспірімдерден бастап, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қала жастары мен полицейлер қатысты.
Түркістан аренаға жиналған жұртшылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ ұранымен барша жүректерді біріктірді. Мақсат – әр отбасының бейбітшілік пен құрметке негізделген болашағына жол ашу, қоғамда зорлық атауының мүлдем жойылуына ықпал ету.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері челлендж эстафетасын Батыс Қазақстан облысына жылы тілекпен және болашаққа деген үлкен сеніммен жолдайды.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...