Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

2000-ға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық-татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды.

Оған облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық түрлі сала мамандары, полицейлер, еріктілер мен тұрғындар қатысты.

Аталған марафонда Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Сәрсенәліұлы
Юсупов І-орынды, ал Асылбек Аманжолұлы Ибрагимов ІІІ-орынды
қанжығалады.

Одан бөлек Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері де марафонға өз үлестерін қосып, жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жеңімпаз атанған еріктілер мен бірқатар тұрғындарды арнайы Дипломмен марапаттады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда. Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан”...