Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

32.9 C
Nur-Sultan
28.2 C
Almaty
35.7 C
Shymkent

Ш.БАРАТОВ: «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ»

Танымал

Ел аузында

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Ынтымағы ұйыған байтақ жеріміз барша жұрттың баласын бауырына басып, өзге елдерге үлгі болуда. Қазақстанды отаным деп білетін олардың әрқайсысы да бүгінде түрлі салада жұмыс жасап, отанға қызмет етуде. Солардың қатарында Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал АПБ көші-қон полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Шохрух Баратов та бар.
Ішкі істер саласында 2019 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Шохрух Баратов өз ісінің білікті маманы. Ұлты тәжік болғанымен, қазақ тілін ана тілім дейді. Мақтааралдың тумасы өзінің біліктілігі мен мемлекеттік тілге деген құрметінің арқасында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген. Өзінің табандылығы мен еңбекқорлығымен Алғыс хаттар еншілеген. Соның бірі жуырда елордада өткен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл-бірліктің негізі» атты республикалық іс-шараға қатысып, министрліктің арнайы Алғыс хатымен марапатталғаны дер едік. Бұл сапар полиция капитанына тың серпін берді.
«Астанада Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық шарада еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестерімізбен жүздесіп, тәжірибе алмастық. Мемлекеттік тілде сөйлесіп, өз ойларымызды ортаға салдық. Бұл басқосу маған үлкен серпін берді»,- дейді Шохрух Зафарұлы. Сондай-ақ ол осындай басқосулардың жиі өткізіліп тұрғаны мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде маңызы жоғары болатынын және Отанға қызмет ер азаматтың борышы екенін де назардан тыс қалдырмайды.
«Отанға қызмет ер адамның борышы десек, мемлекеттік тілге құрмет те сол қызметтің үлкені болмақ. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, оған құрмет көрсетуі керек. Татулықтың темірқазығы болған еліміздің амандығы- баршамыздың амандығымыз. 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Еліміз әлемдегі іргелі елдер қатарынан орын алып, ынтымағымыз арта берсін!»,- дейді ол.
Отбасында аяулы әке, сүйікті жар Шохрух Зафарұлы жастардың бойында отанға деген патриоттық тәрбие молынан болса дейді. Тілегі- Отанының амандығы мен елінің береке бірлігі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

                  Ұлттық құндылықтарды дәріптеу маңызды

                  ҚазҰАЗУ-нің аға оқытушысы  Сембаев Р.М.     ҚазҰАЗУ-нің аға оқытушысы Мәлікқызы М.            Дамыған мемлекеттерде руханият бірінші орында тұрады. Ол-барлық адамға азық екені анық. Рухани...