Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.3 C
Nur-Sultan
23.5 C
Almaty
28.7 C
Shymkent

Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейіп келеді

Танымал

Ел аузында

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ең қауіпті және кең таралған әлеуметтік жағымсыз құбылыс. Сондықтан соңғы жылдары елімізде мемлекеттік биліктің жоғары деңгейінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге көп көңіл бөлінуде.

Қазақстан Президенті де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндет атқарылған, атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді. Жалпы жемқорлықпен күрес жыл өткен сайын жаңғырып, қоғам талабына сай өзгеріп келеді.

«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», деген болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте сөйлеген сөзінде.

Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз. Сондай-ақ стратегияда сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұрпақпен жұмыс істеу қажет.

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл құбылыс қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіріп, халықтың мемлекетке деген сенімін азайтады. Сондықтан қазіргі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету еліміздің басты мақсаты болып отыр.

Д.Р. Джузбаева, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

2025 жылы «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды

«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылындағы битумның биржалық сауда-саттық нәтижелерін ұсынды. Жарияланған талдау баяндамасына сәйкес, бұл кезеңде...