Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.3 C
Nur-Sultan
23.1 C
Almaty
31.6 C
Shymkent

Іле-Алатау ұлттық паркінде Сиверс жабайы алма ағашына арналған жаңа туристік бағыт ашылады

Танымал

Ел аузында

Helios компаниясы Іле-Алатау ұлттық паркімен бірлесіп, жаңа ұлттық бренд — Сиверс алмасы жобасын жүзеге асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, жабайы Сиверс алмасына арналған жаңа ғылыми танымдық маршрутты іске қосуды жоспарлауда.

«Helios» компаниясының Бас директорының орынбасары С.Плисактың айтуынша, жаңа туристік маршрут келесі жылы Іле-Алатау ұлттық паркінің отыз жылдығына орай ашылмақ.

“Жаңа маршрутпен қоса, қорық аумағында ғылыми Visit-орталық пен бақылау алаңы және өмірін алма ағашын зерттеуге арнаған елімізге белгілі академик Аймақ Жанғалиұлына арналған мұражай салынатын болады. Алаңнан туристер көктемде жабайы алманың гүлдеген керемет көрінісіне тамсана алады. Ал, мұражай біздің Visit-орталықтың басты нысаны көркі болмақ. Бұл жұмыстардың барлығын «Helios» компаниясы жеке инвестиция есебінен іске асыратын болады. Баршаңызға белгілі, Сиверс алмасы — Солтүстік Тянь-Шаньдағы ең көне өсімдіктердің бірі және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бірегей алма. Біздің компания жәй ғана туристік емес, ғылыми туризмді дамытуға өз үлесін қосып отырғанына, әлем ғалымдарының жабайы алманың генотипін зерттеуіне ықпал етіп, бірегей Сиверс алмасын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуына жағдай жасауға өз үлесін қосып отырғанына өте қуанышты”, деп атап өтті С.Плисак.
Іле-Алатау ұлттық паркі соңғы екі жылда түрлі мекемелермен бірлесіп 8 бағытта зерттеу жүргізіп келеді.

“HELIOS ЖШС-пен бірлесіп Сиверс алмасын сақтау мен насихаттау бағытында ғылымитуристік жоба іске қосылды. HELIOS компаниясының қолдауымен экотуризм элементтері дамып, брендтелген өнім сатудан паркке 6 млн. теңге қаражат түсті. Сонымен қатар, сирек өсімдіктерді invitro әдісімен көбейтуге арналған зертхана іске қосылды”, деп атап өтті Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Арқау ШАНТАЕВ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«КӨСЕМ КӨК – 245» автожорығы бабалар рухын жаңғыртпақ

«Тарихы жоқ елдің тамыры жоқ» десек,  Аллаға шүкір қазақты бұл тұрғыда кенделік жоқ. Ақиқатында халқымыздың  арғы-бергі тарихы сан ғасырларға бойлайды. Көне...