Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына таратып, ұлттық дәстүрді қадірлеуге, сақтауға шақыруда, сондай-ақ, балаларды қолдап-қорғау бағытында жемісті жобаларды жүзеге асырып келеді.
Сөзімізге тұздық, ретінде бүгін өңірлік кеңес мүшелері «Айналайын» жобасы аясында «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйіне барып, тәрбиеленушілердің қал-жағдайын білді.
Аталмыш кеңес белсендісі, «Полонез» поляк мәдениет және тілдер орталығы қоғамдық бірлестігі» аналар кеңесінің төрайымы Аракси Плетневаның бастауымен, Жамбыл облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Пайза Куненова, облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы» ҚБ Аналар кеңесінің төрайымы Антонина Беляева, өзбек этномәдени бірлестігі аналар кеңесінің төрайымы Дилиорум Каримова, бірлестік белсенділері Хадия Караматуллаева, Мавлюда Ибрагимова, аймақтық «Барбанг» күрділер қауымдастығы РҚБ филиалы Аналар кеңесінің жетекшісі Айша Карахметоглы, Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық ауылдық түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Лейла Музафарова игілікті іске ұйытқы болды.
Бұл күні аталған орталықта бөбектерге кеңес мүшелері көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жылы лебіздерін білдірді. Пайза Куненованың домбыра туралы оқыған ертегісі балаларды қиял-ғажайып әлеміне жетелесе, Аракси Ваграмовнаның қуыршақтар ойыны бөбектерді қуанышқа бөледі.
Шара соңында бүлдіршіндерге кеңес өкілдері тәтті дәмнен үлестірді.
Балалар үйіндегі қуаныш
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі