Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Жетісуда онкомаммология бойынша шеберлік сабағы өтті

Танымал

Ел аузында

Талдықорған қаласындағы Жетісу облыстық көпсалалы клиникасы базасында онкомаммология бағыты бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында ұйымдастырылды.

Шеберлік сабақты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкомаммологы, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сүт безі ісіктері орталығының жетекшісі Алия Жаналықызы Абдрахманова жүргізді.
Мастер-класс барысында:

   • ICG-навигация әдісімен сигнальді лимфа түйінінің биопсиясы,
•   кеудені сақтап қалу операциялары,
•   кең секторлы резекция,
•   экспресс-гистология жүргізу әдістері көрсетілді.

Сондай-ақ, аймақтың онколог, хирург, маммолог, химиотерапевт және радиолог дәрігерлері үшін арнайы дәрістік курс ұйымдастырылып, науқастарға кеңес беру және көрсетілім операциялар өткізілді.

Іс-шара Жетісу облыстық көпсалалы клиникасының директоры Мадияр Аманкелдіұлы Умирбаевтың бастамасымен жүзеге асты.

«Сүт безі обыры – әйелдер арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі. Біз бұл бағытта жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыру үшін нақты әрі жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі шеберлік сабағы — өңірде жоғары технологияларды енгізу және заманауи медициналық көмекті қолжетімді ету жолындағы маңызды қадам», – деді Мадияр Аманкелдіұлы.

Бүгінде Жетісу облысында жеті мыңнан астам адам қатерлі ісік диагнозымен есепте тұр, олардың басым бөлігі – сүт безі обырына шалдыққандар. Бұл шеберлік сабағы өңірдегі онкологиялық көмек сапасын жақсартуға бағытталған тәжірибе алмасу алаңы болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Жетысу прошел мастер-класс по онкомаммологии

В областной многопрофильной клиники города Талдыкорган состоялся мастер-класс по онкомаммологии. Мероприятие прошло в рамках Комплексного плана по борьбе с...