Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Әйелдердің зейнет жасын қысқартуды талап еткен қазақстандық аналар наразылыққа шықты

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда 60 мыңға жуық әйел үкіметке «зейнетке 63-те емес, бұрынғыдай 58 жаста шығу керек» деген талап қойып отыр. Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразылыққа шыққан аналар әйелдерге 55-жастан кейін еңбек ету қиын екенін айтады. Ширек ғасырдан бері ауыр жұмыс істеп жүрген олар немере бағып, үйде отырар кезде таңнан кешке дейін жұмыста жүреміз десе, еңбек министрлігіндегілер, «тиісті заңды өзгерту үшін біраз зерттеу қажет, барлық аналардың айтылған талабын ескереміз» деп сендіргендей болды. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.   

Аналар әйелдердің зейнетке шығу жасын жылда өсірмей, керісінше қысқартсын дейді. Өйткені қазірден денсаулығымыз сыр бере бастағанда 63 жасқа дейін еңбекке жарамсыз болуымыз мүмкін деп отыр.    

“Елу бес жастан асқаннан кейін әйелдердің денсаулығы жұмыс жасауға келмейді. Оны бүкіл Қазақстан әйелдері жақсы біледі. Көп балалы аналар олар 63-ке дейін зейнет жасына жете алмауы мүмкін. Қазір біздің денсаулығымыз мына біздің әлеуметтік жағдайға байланысты өте төмен!” – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Кенжеш Сембаева. 

Алматылық аналар да Абай ескерткішінің маңын бір сәт әнге бөлеп, өткен-кеткендердің жүрегін сыздатты. Мұнда да жиналған әйелдерден арнайы жасақ көп. Талап қойып келген аналардың көбі қара жұмыс істейді. Ауыр жұмыстан онсыз да қажыдық деген олардың айтуынша қазір 60 мыңға жуық әйел зейнет жасын қысқартуды сұрап отыр. 

“Алпыс мыңдай қол қойылды. Барлығы қатысамыз деген ниетте болды. Бірақ, белгілі бір себептермен шыға алмай қалды. 2018 жылы заң өзгергенде мен 55-те едім. 55-те маған айтты сен 58-де шығасың деді. Мен енді биыл 58-ге толып отырмын. Енді айтады 62-де шығасың дейді. Мен енді 62-ге келгенде 65-те шығасың демесіне кім кепіл? Ешқандай кепілдік жоқ оған”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ғалия Құрақбаева.  

Ал жауаптылар зейнетақы жасы елдегі демографиялық және экономикалық жағдайға байланысты өзгерді дейді. Әйелдердің талабын заңға енгізу үшін қазір арнайы жұмыс тобы құрылыпты. 

“Бүгінгі күні әйелдер қозғалысының барлық ұсыныстары бірінші вице-министр Әділ Ахмадиевтың төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырыстарында қаралады. Бұл ұсыныстарды қарау әлі аяқталған жоқ”, – дейді еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Әйгерім Бекетова.

Әйелдердің зейнетке шығу жасының қысқару-қысқармау әзірге үлкен сұрақ. Мамандар, министрлік өкілдерінен құралған жұмыс тобында наразылыққа шыққан әйелдер де бар, сондықтан, талаптарының барлығын ескереміз деп сендірді. Жұмыс тобының соңғы отырысы осы айдың соңында өтеді. Алайда, елорда мен Алматының аспанына ән әуелетіп, зарлы үндерін үкіметке жеткізгісі келген әйелдер болса «талабымыз орындалмаса наразылықты тоқтатпаймыз» деп отыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда ерлер 63 жаста, әйелдер қазір 60 жастан зейнетке шығады. Алайда, 5 және одан да көп бала туған немесе асырап алып, 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53-інде, Семей ядролық сынақ полигонының радиация қаупі ең жоғары аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер – 45 жаста зейнетке шыға алады. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы бойынша әйелдердің зейнетке шығатын жасына 2018 жылдан бастап жыл сайын алты ай қосылып келеді. Осылайша, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы ерлердікімен теңестіріліп, 63 жаста зейнетке шығады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...