Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Мемлекет қайраткері Оразгүл Асанғазы «Ата-ана – баланың айнасы» форумына қатысты

Танымал

Ел аузында

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі Оразгүл Асанғазының қатысуымен «Ата-ана – баланың айнасы» тақырыбында ата-аналарға арналған ерекше форум өтті.

 Тағылымды форумда ұлттық құндылықтарымыз жайлы, тіл мәселесі, отбасы институты мен қоғамда өзекті мәселеге айналған шаңырақтардың шайқалуы секілді өзекті мәселелер қозғалды. Форум барысында Оразкүл Асанғазы қатысушылармен еркін форматта пікір алмасып, отбасылық береке мен татулықтың маңызы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жастарға өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіріп, ұлттық тәрбие мен рухани бірліктің отбасындағы рөліне тоқталды. Мектеп директоры Самат Сүйімбекұлының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараға мектеп ұжымынан бөлек 200-ден астам ата-ана қатысты.

Форум мектеп оқушыларының туған жер, Отанға арналған хорымен басталып, одан әрі Сәбетай Сыпатаевтың «Көк бөрім көкке ұлыған» поэмасынан композициясымен жалғасты. Бұл көрініске ерекше толқыған  Оразгүл апай: «Мен кездесуге шақырғандарыңызға қатты қуанып тұрмын. Әсіресе мына композиция ерекше толқытты. «Мен – қазақпын» деп бастап, Тілегім тыныштығында Елімнің.

Дүнием түгелде «қоңырмын».

Жүрегім табиғатпен тамырлас,

Иесімін Жерімнің!» деп бітірді ғой. Осы сертімізден айнымауымыз керек. Осы жердің иесі ретінде тілімізді, ділімізді сақтауға, ұлттық болмысымыздан айнымауға тырысуымыз керек. Болашақта ұлттың жоғын жоқтар Оразгүл Асанғазылар осылар деп білемін» деп ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ «2020–2024 жж. дерек бойынша Қазақстан, өкінішке қарай, әлем елдері ішінде ажырасу деңгейі бойынша екінші орында. Бұл – әрқайсымызға ой салатын ауыр шындық. Бүгінгі шараның тақырыбы «Ата-ана баланың айнасы» деп жақсы қойылған. Дәл қазір осы балалар үлгі етіп қарайтын айна, ата-аналарымыз ажырасып, айналар шытынап жатыр. Мұндай жағдайда балаларымыз кімді үлгі тұтады, қайдан тәрбие алады? Мемлекет шағын отбасылардан тұрады. Осы мәселені алдын алу бойынша кішкене болсын пайдам тисін деген мақсатта “Отбасы берекесі” атты кітабым шықты. 52 жыл отбасылық өмірімде әйел, келін, ене, әже ретінде түйгенім аз емес. Сол ойларымды кітапқа жинақтадым» дей келіп, әр шаңырақтың егесі ер адамдарға, ұйытқысы болар әйел адамдарға ой салар пікірлерімен бөлісті.

Іс шараға арнайы келіп қатысқан аудандық білім бөлімінің басшысы Еркимбаева Асель Аблеевна да «Мұндай шара ауданымыздың басқа да мектептеріне керек» дей келіп, Оразгүл Асанғазықызына аудан бойынша осындай «тағылымды тур» ұйымдастырып беруге қолқа салды.

Ал мектеп директоры Самат Сүйімбекұлы «Мектеп, қоғам, отбасы – үш тағанды байланыс орнағанда ғана рухты ұрпақ тәрбиелейміз! Бұл кездесу әрқайсыңызға ой салса, мақсатымыздың орындалғаны. Білім беріп қана қоймай, отбасы құндылықтарын дәріптеп, сыйластық пен өзара түсіністік мәдениетін нығайту, отбасы институтының қоғамдағы орны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ұлттық дәстүр мен қазіргі заман құндылықтарының үйлесімін таба білсек, сіз бен біз бірге керемет ұрпақ тәрбиелеп шығамыз деген ойдамыз. Оразгүл Асанғазықызының әр сөзінен рухтанып, көңілге көп ой түйдік» деді.

Ата-аналардың да риза болып, рухтандырып сөйлеген қоғам қайраткерінің сөздеріне дем беріп, кеш соңында ризашылықтарын білдіргенін байқадық, солардың бірі ата-ана Сайлыбаев Бағашар «Біздің қатты қарнымыз ашып қалыпты. Бүгін кәдімгідей рухани азық алғандай болдық. Мақсатымыздың айқындалып, өмірге құлшынысымыз артқандай болды. Ата-ана мен мектеп біріккенде ғана мықты ұрпақ тәрбиелеп шығатынымыздың дәлелі бүгінгі кеш. Сондықтан алдағы уақытты ынтымақтастығымыз арта берсін!» деді.

Форум соңында мектеп директоры бастап, мектеп ұжымы қолдап хормен рухты әнмен кешті түйіндеді.

Кеш соңында Оразгүл Асанғазының сөзімен рухтанған ата-аналар қимай қоштасып, мемлекет қайраткерінің әр сөзін қолдап, естелік суретке де түсті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар...