Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды

Танымал

Ел аузында

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар Алғабас ауылында орналасқан №31 «Береке» жалпы білім беру мектебінің оқушыларымен кездесті.

Кездесуде полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ бүгінгі таңда өзекті болып отырған буллинг, нашақорлық және лудоманияның зияны туралы жан-жақты түсіндірді.

Оқушыларға мұндай теріс әрекеттердің салдары, олардан сақтану жолдары мен өзін-өзі қорғау тәсілдері нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Сонымен бірге мектептердегі профилактикалық жұмыстар, жол жүрісіндегі қауіпсіздік талаптары және оларды сақтау міндеттері талқыланды. Іс-шара соңында оқушыларға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпті әрекеттерден сақтандыру және олар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...