Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Алматыда Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды

Танымал

Ел аузында

Биыл 21 мемлекеттен 180 тоғызқұмалақ шебері бақ сынайды. Тоғызқұмалақтан Алматыда жасөспірімдер (мектеп оқушылары U-15, U-17 классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы Әлем чемпионаты ашылды. Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

«Дүниежүзінен ондаған мемлекет қатысып отырған оқушылар арасындағы әлем чемпионаты тағы да жалауын көтеріп отыр. Біз бұл шараға атсалысқан барлық тоғызқұмалақ жанашырларына алғыс білдіреміз. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті Әлихан Байменовтің сәлемін жеткіземін. Ол кісі үнемі айтады: тоғызқұмалақта жеңілетіндер, ұтылатындар болмайды. Ұтатын – тек ұлттық мәдениет. Осы ұлттық зияткерлік ойынды ЮНЕСКО мойындаған, оған әлемдік деңгейде қызығушылық артты. Қазір дүниенің алдыңғы қатарлы елдерінде ұлттық ойынға қызығушылық жоғары. Ондаған мемлекет федерациялар құрып, өз іштерінде чемпионаттар өткізіп жатыр», – деді Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын.

 Ұлттық зияткерлік ойындардың ең көне әрі терең мағыналы түрі – Тоғызқұмалақ биыл тағы да әлемдік деңгейдегі спорт мерекесіне айналады. 2025 жылдың 17–23 қарашасы аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер (U-15, U-17) арасындағы Тоғызқұмалақ Әлем чемпионатына дүниежүзінің 20 мемлекетінен ойыншылар келді. Бұл жарыс классика (онлайн және офлайн), рапид және блиц форматтарында ұйымдастырылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар зияткерлік шеберліктерін сынап, ұлттық ойынды халықаралық деңгейде насихаттайтын мүмкіндік алады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталады.

Чемпионат алғаш рет 2023 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылды. Оған 17 мемлекеттен 136 спортшы қатысқан. Биыл 21 мемлекеттен 180 тоғызқұмалақ шебері бақ сынайды. Орта Азия елдерінен бөлек Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Үндістан, Германия, Италия, Корея, Түркиядан және Шығыс Еуропа елдерінен ойыншылар қатысады.

Аружан  Мауленбай

Заң газеті

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша 200-ден аса маңғыстаулық жас білім алып жатыр

Маңғыстау облысы жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы» еліміздегі ең маңызды білім беру бастамаларының біріне айналды. Бүгінде бағдарлама...