Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

29.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
33.7 C
Shymkent

Қазақстанда рулі оң жақтағы көліктерді тіркеуге тыйым салынды

Елімізде оң жақта орналасқан рулмен басқарылатын көліктерді тіркеуге тыйым салынды.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.

Қазақстан аумағында оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын көліктерді тіркеуге 2018 жылдан бастап тыйым салынды. Сондықтан да рулі оң жақтағы көліктер елімізде тіркеуге жатпайды. Әрине, біз азаматтарға жеке мүлік алуына оның ішінде автокөлік алуына да тыйым сала алмаймыз. Әр адамның жеке құқығы бар және ол заңмен бекітілген. Дегенмен заңның басқа тұсы да бар. Осы орайда көлік сатып алушы, әсіресе шетелдік көлікті иеленушінің елге әкелместен бұрын заңға бір үңілгені абзал. Көрші Ресейден көлік әкелсе де оның өзіндік талаптары бар. Яғни көлікті сатып алу бір бөлек, ал оны заңды жолмен иелену ол екінші мәселе, — деді Серік Түсіпов.

Ведомство өкілі сонымен бірге ел аумағында тіркелмеген шетелдік көлік иелерін заңға бағынуға шақырды.

Бұған дейін комитет басшысының орынбасары Ресейден заңсыз көлік әкеліп, бірақ елде тіркемеген 100-ден астам қазақстандыққа іздеу салынғанын айтты. Одан бөлек, елімізде жол ережесін бұзған көліктердің 20%-ін шетелде тіркелгенін айтылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...