Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Танымал

Ел аузында

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушы жас спортшылар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдерге зиянды әдеттердің салдары, есірткінің адам денсаулығына, болашағына тигізетін зияны және заң алдындағы жауапкершілік жөнінде нақты түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және есірткіге қарсы иммунитетті күшейту.
Аталған профилактикалық жұмыс халықаралық турнир аясында жүргізілуі — спорт пен қауіпсіздіктің өзара сабақтастығын көрсетті.
Полиция департаменті жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Құлжановтың отбасына қуаныш сыйлады

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Қуаныш Ергазыевич Кулжановтың отбасынаарналған жаңа жылдық ғажайып сыйлады. Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы...