«АДАЛ ПОЛИЦЕЙ» ҚАҒИДАТЫН БЕРІК ҰСТАНҒАН ТӘРТІП САҚШЫСЫ

Танымал

Ел аузында

ҚР ІІМ-нің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал полицей» акциясы аясында өздеріңізге елдің сенімінен шығып, қызмет еткен жылдарында үлгілі тәртібімен көзге түскен жас полиция қызметкерлерін таныстыруды мақсат тұттық.
Соның бірегейі – Ордабасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұржан Надырұлы Мұқашев. Ол ішкі істер саласындағы өз қызметін 2011 жылдан бері абыроймен атқарып келеді. Осы уақыт аралығында әріптестерінен кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және адалдығымен ерекшеленді.
Полиция аға лейтенанты Нұржан Надырұлының басты ұстанымы – адал полицей болу, халыққа қалтқысыз қызмет етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету. Ол сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидатын берік ұстанып, заң мен тәртіпті басты бағдар ретінде алады. Өз қызметінде әділдік пен ашықтықты негізге алған полицей ел сенімін ақтауды міндеті санайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...