ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ ПОЛИЦЕЙ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаевтың төрағалығымен «Адал полицей» акциясы аясында маңызды іс-шара өткізілді.

Шара барысында Түркістан облысы прокуратурасының аға көмекшісі, аға әділет кеңесшісі Ербол Әтірбекұлы Шынәділ – «Заң және тәртіп» қағидаты аясында азаптаудың алдын алудың негізгі міндеттері туралы айтып өтсе, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы бастығының м.а. Әбдірәсіл Әбдісадықұлы Әбиев – «Полиция қызметкері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік» жайлы баяндады.

Сонымен қатар Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Бахадүрұлы Мырзатаев – «Заң үстемдігі – жемқорлыққа қарсы күрестің негізі» атты тақырыпты полицейлерге кең ауқымда түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Бегімхан Төреханұлы Ахметов «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында полицейлерге «Полиция қызметкері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік» тақырыбында әсерлі профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...